Әлеуметтік-психологиялық қолдау

Колледждің психологиялық қызметінінің мақсаты – білім алушылардың кәсіби және тұлғалық қалыптасуын психологиялық сүйемелдеу, олардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуі мен дамуын, ең алдымен білім беру процесі шеңберінде оңтайландыру болып табылады.

 

Психологиялық қызмет міндеттері:

    • оқу-тәрбие үрдісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу;

    • оқу-кәсіби қызмет үдісінде студенттердің әлеуметтік және тұлғалық дамуын психологиялық сүйемелдеу;

    • студенттердің өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту қабілеттерін қалыптастыру;

    • жеке және топтық психологиялық көмек көрсету арқылы психологиялық қолдауды қамтамасыз ету;

    • студенттердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүйесін әзірлеуге қатысу;

    • жоғары курс студенттерін болашақ кәсіби қызметіне бейімделуін психологиялық қамтамасыз ету;

    • білім беру процесінің барлық қатысушыларына психологиялық кеңес беру;

    • білім беру үрдісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру.

 

Психологиялық қызметке қандай жағдайда жүгіне аласыз?

    • оқудағы қиындықтар;

    • ата-аналармен және отбасындағы жанжалдар, достармен және жақын адамдармен қарым-қатынастағы мәселелер;

    • мазасыз немесе депрессиялық күйлер;

    • өз мақсаттарына жетудегі қиындықтар;

    • жалғыздық сезімі;

    • өзін-өзі анықтаудағы, өзін-өзі іздеудегі қиындықтар;

    • қайғы мен жоғалтуды сезіну;

    • тамақтанудың бұзылуы, дүрбелең шабуылдары,тәуелділік.

 

Психологиялық жұмыс қағидалары: анонимділік, құпиялылық, еріктілік, ақысыз қызмет.
Сіз өзіңіздің психологиялық жағдайыңызға қатысты кез-келген сұрақ бойынша бізге жүгіне аласыз.

КАРАБАЛАЕВА ЗАУРА ҚҰРАЛБАЙҚЫЗЫ

Карабалаева Заура Құралбайқызы
 
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма
+7 702 929 78 28

9.00-ден 17.30-ға дейін

Балаларға шұғыл психологиялық көмек көрсету кабинеті – 54-70-53
№ 3 қалалық студенттік емхана   –  54-70-23
Балалар мен ата-аналарға арналған сенім телефоны – 111, 150
Т.Жүргенов, 26 үй,н.п. 62 мекенжайы бойынша психологиялық сүйемелдеу қызметтері
Колледждің психологиялық қызметі – 87026379007