09110200 «Ортопедиялық стоматология»

4S09110201 «Тіс технигі»

Оқу мерзімі:

9 сынып негізінде: 2 жыл 10 ай.

11 сынып негізінде: 1 жыл 10 ай.

Денсаулық сақтау қызметкері, ол тіс дәрігерімен бірлесіп жұмыс істейді, одан тіс протездерін, ортодонтиялық емдеу аппараттарын жасауға немесе жөндеуге тапсырыс алады.

Тіс техниктері жасанды коронкалардың әртүрлі түрлерін, әртүрлі көпір протездерін, алынбалы бугель протездерін (қатарынан үш тістен артық болмаған кезде қолданылады), сондай-ақ жақ-бет құрылымдарын жасайды. Тіс техниктерін дайындау кезінде заманауи материалдар мен жабдықтар қолданылады.

Оқыту үдерісінің айрықша ерекшелігі-студенттерді практикалық дағдылармен оқыту бойынша оқытушылардың қызметі «шеберлік» деңгейінен «меңгеру» деңгейіне дейін бағытталған, бұл оларға нақты жұмыс үдерісіне барынша жақын жағдайларда жұмыс істеуге мүмкіндік береді.