Туберкулез туралы ақпараттандыру айлығы

24 наурыз

24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орайластырылған туберкулездің алдын алу айлығы аясында Медициналық-техникалық колледжде № 3 қалалық емхана мамандарымен кездесу өтті.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты студенттер мен оқытушыларды туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шаралары,туберкулездің алғашқы белгілері, осы ауруды жұқтырудың қауіптілігі мен ауыр зардаптары туралы хабардар ету, денсаулық үшін ортақ жауапкершілікке тәрбиелеу, сондай-ақ өзін-өзі сақтау мінез-құлқы дағдыларын дамыту және міндетті түрде профилактикалық тексеруден өту қажеттілігі болды.

Система комментирования SigComments