26 қазанда СД-21 және СД-22 тобының 2 курс студенттерінің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы мұражайына экскурсиясы өтті.
Экскурсия патриотизм сезімін арттыру, жаңа білім ашу, Еліміздің тарихы, Отанымыздың тәуелсіздігі мен егемендігін қалыптастырудағы басшылықтың қызметі туралы сенімді ақпарат алу мақсатында ұйымдастырылды.
Өйткені, мұражай Қазақстанның жаңа тарихын бейнелейді, ал экспозициялар республиканың егемендігін қалыптастыру идеясын қамтиды және Президенттің тәуелсіз және демократиялық мемлекет құрудағы тарихи рөлін атап көрсетеді.


