Медицина қызметкерлерінің күні-өзіне жеңіл жол таңдамаған, адамдарға көмектесудің,кейде адам өмірін сақтап қалуға әрекет ететін, қиын жол таңдағандардың кәсіби мерекесі. Өйткені, денсаулық-адамның ең маңызды құндылығы.
Медициналық-техникалық колледж денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерін медицина қызметкерлер күнімен құттықтайды. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық және еңбектеріңізге жаңа табыстар тілейді!
Мамандық шексіз жаңа белестер ашып, жаңа жетістіктерге шабыт пен қуат берсін.
Сіздің жұмысыңыз жақсылық бастамасы болсын және сізге тек қуаныш әкелсін!