2023 жылдың 27 сәуірінде медициналық-техникалық колледжде «Ортопедиялық Стоматология» мамандығы бойынша 2 курс студенттері арасында «істі жақсы көр – шебер боласың» кәсіби байқауы өтті.
Байқауға 4 команда қатысты:
1. «Сұңқар» СО-21 тобының студенттері: Ибраев Әділбек, Жарек Бексұлтан;
2. «OneTex» Co-22 тобының студенттері: Ахатаев Мәди, Әйтенов Бейбарыс;
3. «Зубные фиксики » СО-24 тобының студенттері: Еркінбай Фая, Фриц Никита;
4. «Navi» Co-23 тобының студенттері: Берден Ернар, Голубцов Георгий.
Өз ісіндегі үздіктер атағы үшін командалар конкурстың 4 кезеңінен өтуі керек:
оған мыналар кіреді:
1. Команданың тұсаукесері;
2. Kahoot Онлайн тестілеу;
3. Ішінара алынбалы протездердің клиникалық және зертханалық кезеңдері;
4. Практикалық кезең-бір иықты сым қысқыш жасау.
Конкурс қорытындысы бойынша және ең көп балл жинаған орындар келесісіндей бөлінді:
I орын – «Зубные фиксики»командасы;
II орын – «Сұңқар”командасы;
III орын – «OneTex» командасы.






