«Отбасы-бақыт үйі» дөңгелек үстелі

2023 жылдың 14 қыркүйегінде Медициналық-техникалық колледжде «Отбасы – бақыт мекені» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара «отбасы табысы орталығы» қоғамдық қорының директоры Р. М. Бекишеваның, сондай-ақ психолог Б. Е. Сағитжанованың, «Сарыарқа» ЖМК әйелдерді қорғау жөніндегі инспекторы О. М. Ленциктің қатысуымен өтті.
Дөңгелек үстел жас ұрпақты дұрыс отбасылық құндылықтармен тәрбиелеу мақсатында өткізілді . Осы іс-шара барысында отбасының адам өміріндегі рөлі, отбасындағы салауатты қарым-қатынас, отбасы мүшелерінің психологиялық және физикалық денсаулығына отбасылық әл-ауқаттың әсері туралы сұрақтар талқыланды.

Система комментирования SigComments