2023 жылғы 17 қарашада Астана қаласының оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеуге арналған «Елім дегендер» республикалық шығармашылық байқауының финалдық кезеңі өтті. Аталған байқау- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасының бір бөлігі.
МС-101 тобының студенті Камалова Рухшана жетекшісі Ермекова Жанат Серикқазинқызымен бірге II орын алды!
Біз студенттеріміз бен оқытушыларымыздың жетістіктерін мақтан тұтамыз, колледжіміздің осындай жоғары деңгейде таныстырғаны үшін алғыс айтамыз!
Лайықты табыспен құттықтаймыз және жаңа жарқын жеңістер тілейміз!