Құрметті ұстаздар, оқытушылар, педагогикалық қызметтің ардагерлері!
5 қазан күні, еліміз Ұстаздар күнін – кәсіби ұстаз мамандар мен білім саласы қызметкерлерінің төл мерекесін атап өтеді.
Біз үшін бұл мереке – саналы да сапалы білім беру үрдісіндегі әрбір оқытушының шынайы еңбегі мен мәртебесін атап өтетін күн болып табылады.
Сіздерге зор денсаулық, отбасына аманшылық, еңбектеріңізге мол табыс тілейміз!
Мақсаттарыңыз орындалып, биік жетістіктерге жете беріңіздер! Мереке құтты болсын!