Терроризм — біздің қазіргі қоғамдағы адамға қарсы бағытталған ең қорқынышты және қауіпті құбылыстардың бірі. Сондықтан террористік актілердің жолын кесу және оларға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында біздің колледжде студенттермен және оқытушылар құрамымен бірқатар іс-шаралар, профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бірінші қабаттың фойесінде тақырыптық стенд безендірілген, онда Сіздердің әрқайсыларыңыз осы төтенше жағдайлар кезіндегі мінез-құлық туралы негізгі жадынамамен таныса аласыз.