2023 жылғы 16 қарашада «Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығының 1-2 курс студенттері «EXPO»халықаралық көрме орталығының аумағында өткен Медициналық және сауықтыру туризмінің халықаралық көрмесіне барды.
Бұл іс-шара оқушыларға медицина саласындағы соңғы технологиялық жаңалықтармен танысуға, сауықтыру туризмі мен медициналық жабдықтардың дамуы туралы білуге бірегей мүмкіндік берді.
Студенттер іс-шараға белсенді қатысты, көрме павильондарына барды, сарапшылар мен компания өкілдеріне сұрақтар қойды. Алынған білім мен тәжірибе оларға алған білімдерін болашақ кәсіби қызметте табысты қолдануға мүмкіндік береді.