«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру аясында Медициналық-техникалық колледж кітапханасында «Куратор не оқиды?» «Что читает куратор?» акциясы жарияланды, ол 2023 жылдың наурыз айының соңына дейін жалғасады. Топ кураторлары акцияға белсенді қатысуда, студенттермен кездесіп, оқыған кітабы туралы ақпарат беріп, оған бұл кітап не үшін ұнағаны туралы әңгімелейді, және оны оқуға ұсынады, Акция барысында кітапханада топтардың кураторлары оқуға ұсынған кітаптармен көрме ұйымдастырылды.