Құрметті студенттер мен оқытушылар!
Құрметті Қазақстандықтар!
Мемлекеттік жалпыұлттық мереке-Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Бүгін біз көпұлтты қоғамымыздағы бірлік пен достықты бейнелейтін осы маңызды күнді қуанышпен атап өтеміз.
Осы мереке күні жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен келісім, еңбекте табыс, жаңа жетістіктер, тұрақтылық пен ұйымшылдық тілейміз!
Отанымыз – Қазақстан Республикасына өркендеу!
