Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған іс-шаралар

Медициналық-техникалық колледжде Қазақстан халқының Тілдер күнін және қазақ халқының педагог – ағартушысы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығын мерекелеу аясында бірқатар іс-шаралар өтті.

2022 жылдың 7 қыркүйегінде бірінші курс студенттері арасында «Ахмет Байтұрсынов дара тұлғасы» жалпы диктанты өтті.

8 қыркүйекте Тілдер апталығы басталды, оның аясында Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығына арналған тақырыптық плакаттар мен көрмелер рәсімделген конкурс өтті.

13 қыркүйекте Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған кураторлық сағаттар өтті.

Система комментирования SigComments