Жоспардың негізгі қағидалары

Басты мақсат:

Мемлекетімізбен жалпы қоғам және жұмысберушілердің қазіргі кезең талаптарына сай кәсіптік деңгейлері жоғары, өмірлік көзқарастары қалыптасқан, азаматтық белсенділіктері биік, көпсалалы медициналық мекемелерде жұмыс жасауға бейім, тиімді жұмыс жүргізуге мүмкіндігі мол мамандарды дайындау, жетілдіру.

Әдістемелік тақырыбы:

«Үздіксіз білім беруді дамыту орталығы ретінде колледждің инновациялық моделін қалыптастыру».

Мақсаты: тәжірибеге бағытталған технологияларды негізге ала отырып болашақ мамандарды даярлауда оқытушылардың шығармашылық жасампаздығын арттыра отыру арқылы болашақ мамандардың кәсіби құзреттілігін өздігінен жұмыс істеу әдіс-тәсілдері арқылы дамуларына жағдай жасау.

Негізгі тапсырмалар:

 студент тұлғаның өзін-өзі дамыту мен өз белсенділіктерін аттыруларына оңтайлы жағдайлар жасау;

— колледждің оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды енгізу жолдары  арқылы мамандар даярлау сапасын арттыру;

— құзретті мамандарды даярай отырып сол түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында дуальды оқытудың дамуына ықпал жасау;

— педагог-оқытушылардың баспасөздерде жарияланулары мен ғылыми-зерттеу бағытындағы жұмыстарын жандандыру;

— колледж оқытушыларының, өндірістік оқыту шеберлерінің сапалық құрамын, кәсіби шеберліктерін арттыру бағытында оқу-әдістемелік, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру;  

 оқытушыларымыздың сонымен қатардаярлайтын мамандықтарымыздың  мәртебесін арттыруда колледж оқытушыларының озық іс-тәжірибелерін жинақтау мен кеңінен тарату;

— оқу-тәрбиелік үрдісі тиімділігін арттыру мақсатында колледждің оқу-материалдық базасын нығайту;

— колледждің халықаралық, облыстық және қалалық деңгейде басқа оқу орындарымен бірігуін, шоғырлану немесе ықпалдасуын жүргізіу.

Негізгі бағыттары:

— студенттердің сұраныстарын жедел әрі жоғары деңгейде қанағаттандыра отырып Қазақстан Республикасының емдеу және алдын алу мекемелерінде, қоғам мен еңбек нарқында білім берудің сапасын арттыру;

— әлеуметтік және кәсіби шоғырлануға, мамандықтарына сәйкес тиімді әрі әлемдік деңгейде жұмыс жүргізе алатын жоғары сапалы

мамандар әзірлеуге бағыттау;

— білім беру және басқаруда  ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануды жетілдіру арқылы білім беру қызметін жаңашаландыру;

— халықаралық ынтымақтастық және  дуальдық білім беруді дамыту;

— студенттердің жеке құзырлылығына негізделген бағытта үйлесу арқылы білім беруді гуманизациялау;

— кәсіптік бағдар беруде және тәжірибелік менеджмент тиімділігін пайдалану арқылы колледж  мәртебесін қалыптастыруда ғылыми негізделген РR- қызметтіндегі белгіленген жоспарды жүзеге асыру.