Тәрбие беру жұмысы колледждің барлық білім беру кеңістігінің ажырамас бөлігі болып табылады.Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 2277 бұйрығы, оқу-тәрбиелік және оқудан тыс жұмыстарды реттейтін құжат болып табылады.

Колледждің тәрбие жұмысының мақсаты – «Тәрбие жұмысы, қазіргі еңбек жағдайларына бейімделген болашақ денсаулық сақтау мамандарының жалпы және кәсіби қасиеттерін қалыптастыру құралы іспеттес».
Медициналық-техникалық колледж студенттерін тәрбиелеудің жалпы тұжырымдамасына сәйкес куратордың тәрбиелік функциясы студенттермен жұмыс істеудің төмендегі бағыттарын жүзеге асыру болып табылады:

  • Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.
  •  Рухани-адамгершілік тәрбие.
  • Ұлттық тәрбие.
  • Отбасылық тәрбие.
  • Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.
  • Интеллектуалды  тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
  • Көпмәдениеттік  және көркем-эстетикалық тәрбие
  • Дене  тәрбиесі, салауатты өмір салты

Колледжде тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жастардың азаматтық-патриоттық санасын қалыптастыруға, Отанына деген адалдық, азаматтық парызды, Отан мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындау сезімі; жалпыадамзаттық және ұлттық мәдениет құндылықтарын игеруде жасөспірімдердің қызығушылығын қолдауға, білім алушылардың рухани-адамгершілік және көркемдік-эстетикалық дамуына, психологиялық және денсаулығын нығайтуға бағытталған. Колледжде жүргізілетін тәрбие жұмысы кәсіби қызығушылықты және таңдаған мамандыққа шығармашылық көзқарасты арттыруға ықпал етеді. Тұжырымдама ҚР Конституциясының, ҚР «Білім туралы» Заңының, Адам құқықтары туралы халықаралық құжаттардың, оның ішінде бала құқықтары туралы Конвенцияның қағидаттары, ережелері мен нормаларына негізделеді.

Құқықтық тәрбие беру мақсатында біздің колледж келесі құрылымдық ұйымдармен тығыз байланыста:

  • Тілдерді дамыту басқармасы;
  • Атамекен Ұлттық кәсіпкерлік палатасы;
  • Нұр-сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының ювеналды полициясымен;
  • «Құқық» қоғамдық қоры»;
  • Қоры «Қорғау»;
  • Дін мәселелерін зерттеуді дамыту орталығы;
  • «Адалдық аланы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасы»;
  •  «Жаңару» жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы»;

Колледждің негізгі жетістіктерінің бірі-студент жастар арасында салауатты өмір салтын бекітудегі жетістік. Салауатты өмір салтын тәрбиелеу бойынша колледж салауатты өмір салты орталығымен, Шығыс спорт ұйымымен, №3 студенттік емханамен тығыз байланыста. Білім беру мекемесінің қабырғасында зиянды әдеттердің алдын алу бойынша тақырыптық дәрістер мен әңгімелер, қала колледждері арасында спорттық іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады.

Колледжде мәдени мұрамен танысуға ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайынғы өткізілетін «Наурыз мейрамы», «Алғыс айту күні», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» ғашықтар күні «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» іс-шараларын өткізу игі дәстүрге айналды.

Студенттік кеңес келесі ұйымдармен бірлесіп жұмыс істейді: «Жас Отан» жастар қанаты, «Жастар ресурстық орталығы», «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы, «Жайдарман» біздің жастар «А35», «Жастар КЗ» жобаларына қатысады»

JASTAR KZ «жобасының мақсаты»

  • Қоғамның  әлеуметтік-саяси бағдарланған азаматтарын қалыптастыру, парасаттылықты қалыптастыру, дарынды және бастамашыл жастарды тәрбиелеу, студенттердің рухани дамуы мен өзін-өзі көрсетуіне жәрдемдесу;
  • Студенттердің рухани-адамгершілік дамуына жағдай жасау;
  • Республикалық колледждерде волонтерлік қозғалысты дамыту арқылы студенттердің бойында жағымды құндылық бағдарларын қалыптастыру үшін жағдай жасау;
  • Студенттердің көшбасшылық қасиеттерін, азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін дамыту;
  • Колледж студенттерінің беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы жетістіктерді танымал ету;
  • Кәсіпкерлік дағдыларды дамыту.

 «АШЫҚ ЖҮРЕК» ЖОБАСЫ

  • Волонтерлер мектебінің қызметіне әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
  • Колледждерде еріктілер клубтарын құру;
  • Волонтерлердің өңірлік слеттерін өткізу;
  • Өңірлік, республикалық деңгейлерде, оның ішінде әлеуметтік желілер бойынша ауқымды ақпараттық жұмыс жасау;
  • Мүгедектерге, қарт адамдарға, жетімдерге, жалғызбасты және үйсіз адамдарға көмек көрсету мақсатында жас еріктілер базасын қалыптастыру.

«ЛИДЕР» ЖОБАСЫ

  • Республика колледждерінде Жастар ісі жөніндегі комитеттердің, студенттік өзін-өзі басқару органдарының қызметін дамыту;
  • Пікірталас қозғалысын, КТК ойындарын дамыту;
  • Дебат, КТК, клуб сұрақтары бойынша колледждердің мектептермен, ЖОО-мен, басқа да ұйымдармен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету;
  • Жаңа бастаған блогерлер үшін оқыту курстарын ұйымдастыру.

«ЖАС САРБАЗ» ЖОБАСЫ

  • Колледжде «Жас Сарбаз» клубын құру»;
  • Студенттерде парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу;
  • Студенттерді, қоғамдық өкілдерін қоса отырып, ішкі комиссиялардың құрамын кеңейту.

«SANALY URPAQ» ЖОБАСЫ

  • Колледжде «SANALY URPAQ» клубтарын құру;
  • Студенттерде парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу;
  • «Жас Отан» Жастар қанатымен бірлесіп «Таза сессия» акциясын өткізу»;
  • Студенттерді, жұртшылық өкілдерін қоса отырып, ішкі комиссиялардың құрамын кеңейту.

«BAGDAR KZ» ЖОБАСЫ

  • Колледжде кәсіби бағдар және мансап қызметтерін құру;
  • Колледж базасында мектеп оқушыларының кәсіби сынақтардан өтуі үшін жағдай жасау;
  • «Білім» порталы BAGDAR.KZ.

«ҰЛЫ ДАЛА» ЖОБАСЫ

  • Ұлы Дала тарихы, мәдениеті, өнері мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу;
  • Қазақстанның тарихи орындарына экскурсиялар, жорықтар ұйымдастыру;
  • Қазақстанның курорттық аймақтарында орналасқан колледждер жанындағы студенттер үшін жазғы тақырыптық лагерьлер ұйымдастыру.

 «АТА-АНАЛАР МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ

  • ҮЕҰ-мен, ата-аналар қауымдастығымен, СӨС орталықтарымен

отбасылық тәрбие мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

  • «Менің болашақ отбасым» тақырыбында өңірлік эссе байқауын өткізу».

«КОЛЛЕДЖДІҢ ТОП 10 СТУДЕНТІ» ЖОБАСЫ

  • Жоба шеңберінде ТжКБ-ны танымал ету бойынша медиа-жоспар, жоба ережесін әзірлеу;
  • Кандидаттарды іріктеу бойынша ішкі, өңірлік, республикалық кезеңдерді өткізу;
  • Өңірлік, республикалық деңгейлерде, оның ішінде әлеуметтік желілер бойынша ауқымды ақпараттық жұмыс.

«20  ТАБЫСТЫ БИЗНЕС ИДЕЯСЫ»  ЖОБАСЫ

  • Колледж студенттерін стартап-қозғалысқа тарту;
  • Колледждерде стартап-жобалар әзірлеу;
  • Колледж студенттерінің студенттік кәсіпкерлердің, стартаптар мен инновациялардың Ұлттық Кубогына қатысуы.